Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған жаңа шаралар енгізіліп жатыр

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың интеграцияланған модулі енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша қабылданған заң шеңберінде «инклюзивті мәдениет», «ымдау тілі» ұғымдары және оларға ілеспе нормалар енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сондай-ақ түзетулер арқылы денсаулығында ауытқу бар үш жасқа дейінгі балаларды анықтау және қолдау тетігі көзделеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың интеграцияланған модулі енгізіледі.

Ол денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Бөлек тоқталатын жайт, мүгедектігі жоқ, бірақ аурулардан кейін қозғалысы уақытша шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларға техникалық көмекші құралдарды немесе арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну тізбесі мен қағидаларын бекіту ұсынылады.

Бұдан қоса, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін арнайы білім беру ұйымдарын лицензиялау енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алу рәсімі өтті

Новости партнеров