Прокурор оларды тағылған айыптың барлық бабы бойынша кінәлі деп тануды сұраған
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Прокурор оларды тағылған айыптың барлық бабы бойынша кінәлі деп тануды сұраған. Шешімге сәйкес, аталған топтың басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылған. Өзге сыбайластары да жазадан тыс қалған жоқ.
Еске сала кетейін, бұған дейін аяқ-қолы жоқ азаматты күштеп садақа сұратқан қарақшылардың әрекеті қоғамда кең талқыланған. 2015 жылдан бері азаматты мәжбүрлеп, тапқан табысын жеке мақсатта қолданған олар жәбірленушілерді ата-ана құқығынан айырамын деп те қорқытқан көрінеді.
«Қылмыстық топтың басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның үш сыбайласы — басты айыпталушының жиені, оның күйеуі және олардың танысы, әрқайсына 12 жылдан жаза тағайындалды. Сот жәбірленуші әйелге моральдық зиян үшін 8 миллион теңге өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы Галина Жилина.
Оқи отырыңыз: Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды