Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Liana S/unsplash.com/
Liana S/unsplash.com/

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша қамауда ұстау изоляторында

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында өнеркәсіптік объектілердің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша қамауда ұстау изоляторында. Оны іздестіруге бастамашы болған елге экстрадициялауды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде», — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы үш күнінде полицейлер 262 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның 175-і шетелдіктер, 87-сіі ҚР азаматтары. 13 шетел азаматы шекарадан шығарып жіберілген. Сотқа 5 материал азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге жіберілді.

 Оқи отырыңыз: Пышақтап кеткен: Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

Новости партнеров