Мұрат Әбенов: Ұлттық кеңес - халық мүддесін ашық жеткізетін жаңа саяси институт

24.09.2026 18:57

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа консультативтік мекеме құрамына кәсіби білімі мен білігі жоғары, абырой-беделі бар, ел мүддесін бәрінен биік қоятын отаншыл азаматтар енген. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бұл жаңа құрылымның басты мақсаты — халық пен билік арасында алтын көпір болу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Яғни ел ішінде қордаланған мәселелерді дер кезінде көтеріп, тұрғындардың талап-тілегін тиісті мемлекеттік органдарға тиімді жеткізу.

«Сенім білдірілгеніне қуаныштымын. Себебі бұл — жаңа саяси институт. Парламентте үш рет депутат болып, мол тәжірибе жинадым. Ол кезде ойымды ашық айтуға мүмкіндігім болды. Бірақ Ұлттық кеңестің орны бөлек. Мұнда артық бюрократия мен шектеу  жоқ, пікір алмасу әлдеқайда еркін. Сондықтан бұл мүмкіндікті халықтың мүддесін қорғау үшін бар күшіммен пайдаланатын боламын», – деді Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Өңірлердің үні Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы жетеді
Толық көрсету