Мұз үстіндегі қауіп: ШҚО-да 9 жастағы оқушы суға түсіп кетті

23.11.2026 16:45

Денесі қатты тоңған бала ауруханаға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 9 жастағы бала мұз астына түсіп кетті. Оқыс оқиға батпақты жерде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқушы мұз басқан аумаққа шыққан кезде жұқа мұз оның салмағын көтере алмай, опырылып кеткен. Көмекке келген құтқарушылар баланы судан шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Денесі қатты тоңған бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы жақсы.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, жұқа мұздың үстіне шықпауға шақырады.

Толық көрсету