Денсаулық сақтау министрлігі ми қан айналымының бұзылыстарын ерте анықтауға бағытталған жаңа бағдарламаларды енгізу нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
2026 жылдың басынан бастап 50 жастан асқан 82 мыңнан астам ер азамат брахиоцефалдық тамырларды ультрадыбыстық зерттеу арқылы тексеруден өтті.
Зерттеу қорытындысы бойынша шамамен 5 мың адамда (6%) бас және мойын тамырларының стенозы анықталды. Бұл – инсульттің негізгі қауіп белгілерінің бірі. Аталған патологияны дер кезінде анықтау ауыр асқынулардың алдын алуға, пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта пациенттердің 72,7%-ы ангиохирургтің консультациясын алған. Бұл кадрлық әлеуетті одан әрі күшейту және мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру қажеттігін көрсетеді.
Бағдарламаны іске қосу демографиялық және мінез-құлық факторларымен байланысты. Қазақстанда ерлер мен әйелдердің арасындағы өмір сүру ұзақтығының айырмасы 8 жылдан асады. Бұл көбінесе ерлер арасында қауіп факторларының – темекі шегу, төмен физикалық белсенділік және басқа да факторлардың жоғары таралуымен байланысты.
2026 жылғы қаңтардан бастап ер азаматтардың арасында цереброваскулярлық бұзылыстарды ерте анықтауға арналған зерттеу әр 2 жыл сайын жүйелі негізде жүргізілетінін еске сала кетейік.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде профилактикалық бағдарламаларды жаңғыртты.
Атап айтқанда:
Іске асырылып жатқан шаралар денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағытын күшейтуге, ауруларды ерте анықтауға және жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық аурулардан болатын өлімді төмендетуге бағытталған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша емделген пациенттердің саны 8,3%-ға артып (49 мыңнан 53 мыңға дейін), тромболизис жүргізу үлесі 11%-ға өсті, инсульттен болатын өлім 4%-ға төмендеді.
Қазіргі уақытта инсульттер қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын жалпы өлім құрылымының 32%-ы.
Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы екі айында қанайналым жүйесі ауруларынан болатын жалпы өлім 16,3%-ға төмендеді.
Оқи отырыңыз: Үкіметте мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздік саласындағы жай-күйі талқыланды