Тәлімгерлерлер үш кезең бойынша сынға түсті
Алматыда наубайшылық шеберлік байқауы өтті. «NAN-FEST – 2026» халықаралық нан күніне орай Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өндіріс» мамандығы бойынша «Наубайшы» біліктілігін меңгеріп жүрген 2,3-курс студенттері қатысты. Тәлімгерлерлер үш кезең бойынша сынға түсті. Қатысушылар дәстүрлі француз багетін пісіру, юданэ әдісімен шокупан нанын әзірлеу, «Таза Қазақстан – адал еңбек» тақырыбында қамырдан сәндік композиция жасауы тиіс.
Олардың еңбегін француз шеф-наубайшысы Винкиэ Себастьян Кладо Эмиль бастаған білікті мамандар бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Барлығымыз білеміз, ас атасы нан. Нанды пісіретін ,дайындайтын студеттеріміз. Жас мамандар болашақта экономикамызды дамытады деп үміттеніп ең үздік наубайшаларды жинап, сайысты өткізіп отырмыз», деді Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Айнұр Мұқажанова .
Оқи отырыңыз: 16 қазан – Дүниежүзілік нан күні: елде астық рекордтық деңгейге жетті