Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге үндеу жасады (видео)

Dimash.com
Dimash.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аты аңызға айналған қазақстандық әнші, Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, оған бейнеүндеу жолдады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

96 жастағы өнер иесінің жүрекжарды құттықтауын әншінің анасы Светлана Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қымбатты Бибігүл апа! Жылы әрі шынайы тілектеріңіз үшін рақмет. Батаңыз қабыл болып, біздің Димаш ұзақ әрі бақытты өмір сүрсін. Сізге мықты денсаулық тілейміз, бүкіл ел болып 100 жылдық мерейтойыңызды тойлауды нәсіп етсін», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері — Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Әншінің Әбілмансұр есімді інісі мен Раушан есімді қарындасы бар.

Әншінің туған күніне орай әлеуметтік желілерде оның анасы мен қарындасы да құттықтау жазбаларын жариялады. Димаштың өзі әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлеріне ықыласы, жылы сөздері мен құттықтаулары үшін алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың маусымында қазақстандықтар қалай демалады

Новости партнеров