«Нарынқол» шекара бекетінде өрт: сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды

08.12.2025 14:16

Қаза болғандардың жақындарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр

Almaty.tv

Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара бекетінде өрт шығып, салдарынан әскери қызметші мен оның баласы көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, от қызметтік үйде тұтаныпты. Қызыл жалынды төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сөндірген. Қазір қаза болғандардың жақындарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.

Оқи отырыңыз: