Наурыз ШОУ: Алатау ауданында цирк әртістері қойылымы қойды

21.03.2026 21:03

Іс-шарада Ресей, Украина және қазақстандық әртістер өнер көрсетті

Наурыз мейрамы Алатау ауданында да ерекше атап өтілуде. Тұрғындар мен қонақтар үшін Қазақ мемлекеттік циркі «Наурыз ШОУ» қойылымын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада Ресей, Украина және қазақстандық әртістер өнер көрсетті.

Айта кетейік, шоу 4 күн бойы күніне 3 мәрте өткізіледі.

«Өте жоғары деңгейде болды. Өте қуаныштымыз!. Наурыз құтты болсын. Кереемет, осындай күндер көп болсын!» – деді қала тұрғыны Жазира Ербол.

«Керемет өтті. Немереммен келіп едім, қатты ұнады. Сәттілік тілеймін! Шығармашылыққа толы болсын. Алдағы уақытта тек мерекеде ғана емес, басқа күндерде де халыққа көңіл- күй жоғары болсын!» – деді қала тұрғыны Роза Асылбекқызы.

  «Наурыз мейрамы құтты болсын. Бай қуатты болыңдар, тілеген тілектердің бәрі Алла тағала қабыл етсін. Аумин!» – деді қала тұрғыны Жанұзақ Досмайылов.

Цирктен бөлек, ауданда «Наурыз думан» атты концерт өтті. Онда отандық эстрада жұлдыздары Ильхан Ихсан, Мұхтар Ханзада, Нұрмұхаммед Жақып, Диана Исмаил және «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұжымы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық нақышта безендірілген ерекше аула: шымкенттік отбасы қазақ үйде тұрып келеді