Алматыда мерекелік концерттер, фестивальдер ұйымдастырылады
21 наурыз – «Ынтымақ күні». Бұл еліміздің ынтымағы мен бірлігін арттырып, татулық пен достықты нығайтуға үндейтін атаулы күн, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін республикада түрлі мәдени іс-шаралар өтеді.
Атап айтсақ, EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Наурыз мейрамына арналған концерт ұйымдастырылады.
Алматы қаласында Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры «Ура! Наурыз! Каникулы» фестивалін өткізіп, театр репертуарындағы спектакльдердің көрсетілімін ұсынады.
Елордада қаланың бірқатар алаңдарында «Наурыз – береке бастауы» атты концерттік бағдарламалар, көпшілікке арналған, этномәдени іс-шаралар мен интерактивті жобалар өтеді.
Алматыда мерекелік концерттер, фестивальдер ұйымдастырылады.
Шымкент қаласындағы «Астана» алаңында және қалалық саябақтарда «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі, гастрономиялық фестиваль, «Nauryz AI» IT іс-шарасы, сондай-ақ гала-концерт өтеді.
Ел өңірлерінде де концерттер, қойылымдар, фестивальдер, қоғамдық акциялар жоспарланған. Бұл іс-шаралар тұрғындарды достық, татулық пен өзара сыйластықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылмақ.
Осылайша, «Ынтымақ күні» өтетін мәдени іс-шаралар қоғамдағы бірлік пен татулықты дәріптеп, ел ішіндегі өзара түсіністік пен сыйластықтың жарқын көрінісіне айналмақ.
Оқи отырыңыз: Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті