Университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады
Елордадағы Назарбаев университетінде болған студент қыздың өлімін полиция тексеріп жатыр. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап
— 24 жастағы қыздың мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деген хабар алдық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Назарбаев Университетінде студент қыз қайтыс болды.
Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл қайғылы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлік топтарда жарияламауды сұрап отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Ираннан 109 отандасымызды эвакуациялады