Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
ҚР Президентінің Жарлығымен Мұрат Баймұқашев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1967 жылы туған.
1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын («инженер-механик» мамандығы бойынша), 1998 ж. – Қарағанды ҰҚК жоғары мектебін («заңгер-құқықтанушы»), 2015 ж. – Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (мемлекеттік басқару магистрі).
1994-2009 жылдары – құқық қорғау органдарында қызмет (ішкі істер органдары, Бас прокуратура).
2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің Төрағасы.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
«Құрмет» (2013), II дәрежелі «Айбын» (2020) ордендерімен марапатталды.
2021 жылы полиция генерал-майоры арнаулы атағы берілді.
Оқи отырыңыз: Президент Жолдауын жүзеге асыру: көлік саласы ЖІӨ-нің 6,1%-ын қамтамасыз етіп отыр