Неке қиюға мәжбүрлеу: елімізде алғашқы қылмыстық іс тіркелді

14.10.2025 14:39

Екі оқиғада жәбірленушілердің кәмелетке толмағаны белгілі болды

Елімізде неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша алғашқы қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай жағдайлар Шымкент қаласында, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында анықталған. Екі оқиғада жәбірленушілердің кәмелетке толмағаны белгілі болды. Қазір барлық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, олар прокуратура органдарының ерекше бақылауында. Сонымен қатар сталкинг бойынша да екі қылмыстық іс қозғалыпты. Мұндай фактілер Атырау және Павлодар облыстарында тіркелген.

«Егер әйел адам ұрланып, күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрленсе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді ҚР Бас прокурорының көмекшісі Саян Әбденов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғауға бағытталған жаңа заң күшіне енді