Неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

29.04.2026 20:42

Жиын барысында балалардың құқығын қорғау, отбасы саясатын іске асыру тетіктері, неке және отбасы саласындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірлесе ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен заңгерлер қатысты.

Жиын барысында балалардың құқығын қорғау, отбасы саясатын іске асыру тетіктері, неке және отбасы саласындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамалар мен жаңа Конституциядағы отбасы және неке мәселелеріне қатысты нормалар қарастырылды.
Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың құқығын қамтамасыз етуге, балалардың мүддесін қорғауға және отбасы саясатын жетілдіруді көздейтін заңнамалық бастамаларды әзірлеуге бағытталды.

Оқи отырыңыз: Кәріз құбыры жарылды: Атыраудағы тұрғындары сыртқа шыға алмай отыр