|
14.08.2018 | 14:48
2842

Алматыда бірнеше көше түнде уақытша жабылады

Алматыда бірнеше көше түнде уақытша жабылады

Алматының бірнеше көшелерінде түнгі уақытта қозғалыс шектелетін болды.

Тимирязев көшесінде құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты Розыбакиев пен Гагарин даңғылының аралығы 16 тамызға дейін түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін жабық болады. Ал Назарбаев даңғылының Сәтпаев көшесі мен әл-Фараби даңғылы аралығында 17 тамызға дейін көліктердің жүруіне шектеу қойылмақ.

Сондай-ақ, Назарбаев даңғылындағы бағдаршамдардың жаңартылуына байланысты, Әйтеке би мен Қазыбек би көшелерінің қиылыстары 14-інен 15 тамызға қараған түні, Гоголь көшесімен қиылысы 15-інен 16-ына қараған түні, Мақатаев көшесінің қиылысы 16-ынан 17-іне, Мәметова көшесінің қиылысы 17-інен 18-іне, ал Райымбек даңғылымен түйіскен тұсы 18-інен 19-ына қараған түні жабық болады. 

Бағдаршамдарды ауыстыру жұмыстары түнгі 11-ден таңғы 8-ге дейін жүреді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир