Немересімен жасты қызды зорлаған зейнеткер сотталды

24.02.2026 18:38

Экспертиза сараптама өткізілген, нәтижесінде ұл бала 99,99 пайыз сотталушының ұлы болып қорытынды берілген

Түркістан облысында немересімен жасты қызды зорлап, жүкті еткен қария түрмеге жабылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Еске салсақ, сұмдық жайт былтыр қазанда белгілі болған. 70 жастағы зейнеткер түнде көршісінің үйіне тығылып кіріп, үш күн бойы жас қызға қорлық көрсеткен. Ал бұл кезде үйде үлкендер болмаған. Тек 16 жастағы қыз бен оның кішкентай сіңлісі қалған. Зорлық-зомбылықтан кейін мектеп оқушысы жүкті болып, дүниеге ұл баланы әкелді. Айыпталушы сотта кінәсін мүлде мойындамады. Дегенмен, іске тіркелген деректер оның қылмысты жасағанын дәлелдеген. Осылайша сотталушы кәмелетке толмаған адамды зорлау және бөтеннің үйіне түнгі уақытта заңсыз кіру баптарымен кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға сотталды.

«Экспертиза сараптама өткізілген, нәтижесінде ұл бала 99,99 пайыз сотталушының ұлы болып қорытынды берілген. Үш күн қатар болған. Көрші боп тұрады ғой екеуі, сол күндері жәбірленушінің анасы Астанада болған, сауда жұмыстарымен кеткен. Әкесі қарауыл болып істейді, түнгі сменге шыққан кезде, соны пайдаланып үйге кірген», – деді облыстық ҚІЖМА сотының төрағасы Дәурен Мадалиев. 

Оқи отырыңыз: Мектептегі әлімжеттікпен жасанды интеллект күреспек