Соның арқасында ол өңірлерде қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, жас мамандар даярланады
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында бюджет есебінен қандай әуе техникаларын сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Төтенше жағдайлар министрлігіне әлі бірталай тікұшақ пен шағын фюзеляжді ұшақтар керек. Біздің ойымыз – келешекте 20 өңірде 20 әуе отрядын жасақтау. Соның арқасында ол өңірлерде қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, жас мамандар даярланады. Қазіргі таңда біз лизинг арқылы 3 МИ-8 АМТ тікұшағы, 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Сондай-ақ, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет ұшақ алып жатырмыз. Чехияның 4 дана L – 410 ұшағын сатып аламыз. Оларды Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне қоямыз. Соның арқасында өз міндеттерімізді орындаймыз деп ойлаймын», - деді Шыңғыс Әрінов.
Оқи отырыңыз: 1991 жылдан бері қанша қазақ отанына оралды