Қазақстанда жаңа суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин атап өтті. Ол бұл бағытта «Қазақтелеком» АҚ еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарының ең ірі желісін басқаратынын хабарлады. Олар – 1,7 мыңнан астам серверлік тірек, 25 МВт қуаттылық, нарықтың 47%-ы. Өткен жылдың қазан айында Алматыда өнімділігі 1,5 петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылды. Бүгінде ол әлемдегі ең өнімді суперкомпьютерлер арасында 103-ші орында тұр, оның есептеу қуаты 100% жүктелген, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сондай-ақ, деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде, биыл қараша айында Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда»,— деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бұдан басқа, «Қазақтелеком» Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын салу жөніндегі жобаның операторы болып белгіленді. 20-дан астам гиперскейл-компаниялармен келіссөздер жүргізілуде, 100 МВт-тан астам алдын ала сұраныс жасақталды. Осылайша, компания телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, экономиканың барлық салаларына жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізу үшін берік негіз қалыптастырады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады

Новости партнеров