Қылмыстық іс енді «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына ауыстырылды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты жаңа дерек. Бұған дейін «Адам өлтіру» деп сараланған қылмыстық іс енді «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына ауыстырылды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың қорғаушысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетсек, бұған дейін сотталушының үстінен «сталкинг» пен «алып қашу» баптары бойынша да іс қозғалған.
Еске салсақ, қанды оқиға Шымкентте 11 қаңтарда болған. Қаланың қақ ортасында 28 жастағы ер адам жас қызды бірнеше мәрте пышақтап кеткен.
«Нұрайдың қазасы бойынша тіркелген қылмыстық іс бүгін ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен дәрежеленді. Заңнамаға сәйкес осы бап бойынша күдіктіге ең максималды өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Біз осы іске кіріскеннен бастап осы баппен дәрежелеуді талап етіп, сұрап келдік. Міне бүгін сол талабымыз орындалып, қанағаттандырылды. Алдағы уақытта сот процесінде күдіктіге ең ауыр жаза қолдануды сұрайтын боламыз», – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров.
Оқи отырыңыз: Шымкентте үй жинауға барған әйелді өлтірген оқушының ісі қайта қаралып жатыр