Нұргелді Уәли - 80: Алматыда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр

Іс-шара аясында ғалымның елеулі еңбектері айтылып, сала мамандары баяндама жасайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ грамматологиясының негізін қалаушы, филология ғылымының докторы, профессор Нұргелді Уәли 80 жасқа толды. Айтулы датаға орай, Алматыда халықаралық ғылыми теориялық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында ғалымның елеулі еңбектері айтылып, сала мамандары баяндама жасайды. Сондай-ақ Нұргелді Мақажанұлының жаңа туындыларының тұсауы кесіліп, таныстырылымы өтеді.

Айта кетейік, ауқымды басқосу Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Назарбаев университеті мен Орталық Ұлттық музейдің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

 «Конференцияның негізгі мақсаты – тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ тіл біліміндегі жаңалықтар мен зерттеулер, нәтижелер, сондай-ақ қазақ сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің мәселелері, сондағы көкейтесті тақырыптарды талдау», – деді  А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Құралай Күдеринова.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында Геологиялық кластер іске қосылды

Новости партнеров