Бұл – геологиялық барлаудың негізгі үдерістерін бір алаңға тоғыстыратын, әлемдік деңгейдегі санаулы орталықтардың бірі
Ұлытау облысында еліміздегі алғашқы әрі ең ауқымды Геологиялық кластер салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл – геологиялық барлаудың негізгі үдерістерін бір алаңға тоғыстыратын, әлемдік деңгейдегі санаулы орталықтардың бірі. Яғни кластерде арнайы оқу орталығы, зертханалық кешен және керн қоймасы бір жерде орналасады. Онда деректерді сақтау, зертханалық талдау, цифрлық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл тау-кен туралы ақпаратты жедел өңдеп, барлау процесінде дереу шешім қабылдауға мүмкіндік бермек. Жезқазғанда ашылып жатқан нысанның жобасына 11 млрд теңгеге жуық инвестиция салынған. Енді мұнда 200-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды.
«Керн қоймасы негізгі аймақ болып саналады. Мұнда 6600-ден аса паллет орны бар және жалпы 200 тоннадан аса керн сақталады. Жүйеде заманауи фин жабдықтары орнатылған. Ол толықтай автоматтандырылған және қауіпсіздігі жоғары. Мұнда сынама алу жүргізілед. Яғни үлгілерді іріктеу, сұрыптау және өлшеу осы жерде өтеді», – деді Керн қоймасының меңгерушісі данияр Лесов.
Сонымен қатар, кластер жанында шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен озық геофизикалық зертхана да жұмысын бастады. Алдағы уақытта бұл орталық аймақтың кадрлық әлеуетін күшейтіп, робототехника мен аспап жасау бойынша жаңа мамандар дайындайды. Сала өкілдерінің айтуынша, кластер – еліміздің минералдық-шикізат базасын жаңа деңгейге көтермек. Кешен аумағында геология тарихын танытатын мұражай да жұмыс істейді.
«Шынында да бүгін тарихи күн деп есептеймін. Бұл – Қ.Имантайұлыныңы жұмысының жалғасы. Ғылым күнде көтеріліп жатқан финис сияқты күнде дамып жатыр. Оның ішінде геология саласын жаңа бағыттарын көзімізбен көріп жүрміз. Енді мемлекеттің құзыретінде бүкіл геологиялық ақпарат болады», – деді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.