Нұрғиса Тілендиев -100: Алматыда жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі 2014 жылы ашылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.ty.

Мерейлі іс-шара аясында Алматы облысындағы Мұқағали Мақатаевтың туған ауылындағы әдеби-мемориалды музейінен әкелінген 50-ге жуық құнды жәдігер көрермен назарына ұсынылды. Жиналған жұртшылыққа қос алыптың рухани жақындығы да кеңінен баяндалып, ән мен күйден шашу шашылды.

«Биыл Нұрғиса Тілендиев атамыздың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр. Екі дара тұлға өмірде бірге жүріп, шығармашылықпен айналысқан. Яғни Мұқағали атамыздың 70-тен аса өлеңіне Нұрғиса Тілендиев атамыз ән жазған. Тарихи деректерде 30 күн, яғни Нұрғиса атамыздың үйінде бір ай жатып, екеуі шығармашылықпен айналысқаны жазылады.  Сол 30 күнде 30-дан аса ән дүниеге келген», – деді М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Ерлік Ахметов.

Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі 2014 жылы ашылған. Мұнда сазгер өмірінің соңғы жылдарын отбасымен бірге өткізіп, шығармашылыққа ден қойған еді. Бүгінде мұнда ұлы композитордың 3214 жәдігері қойылған. Оның ішінде Тілендиевтің тұтынған жеке заттары, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен алған сый-сияпаттары, түрлі музыкалық аспаптары бар.

 «Кезінде Нұрғиса Тілендиев атамыз үйінде әкемізді өзі таңдаған. Екеуінің бірлестігі сәтті өтті деп ойлаймын. Екеуі қалдырған өнер әрқашан қазақ халқының төрінен орын алды», – деді М. Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы.

Оқи отырыңыз: Нұрғиса Тілендиев-100: Жамбыл ауылында дүбірлі той бәйгеге ұласты

 

 

Новости партнеров