Алматыда су және кәріз желілеріндегі маусымдық жұмыстар толық аяқталды

Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен тозу деңгейі 90 пайыздан асқан 42 нысандағы 65 километр желі қайта жаңартылып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалалық су және кәріз желілеріндегі маусымдық жұмыстар толық аяқталды. Бұл туралы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының департамент директоры Серік Шағыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның аутйынша, шаһар бойынша су құбыры желілерінің тозу деңгейі 51%-ға жеткен, ал жалпы 2 мың шақырым су мен мың километр кәріз желісін кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Ал қазір кәсіпорынның өз қаражаты есебінен тозу деңгейі 90 пайыздан асқан 42 нысандағы 65 километр желі қайта жаңартылып жатыр.

«Жазғы жөндеу кезеңінде жалпы көлемі 103 мың текше метр болатын 30 таза су резервуары мен 800 км-ден астам су және кәріз желілері тазартылды. Барлығы 9,1 мың өрт гидрантына тексеру мен жөндеу жүргізілді, 100 мыңнан астам құдық тазартылды. Сондай-ақ 1200 дана бекіту жабдықтары бекітіліп, жөнделіп, ауыстырылды», – деді «Алматы Су» МКК департамент директоры Серік Шағыров.

Биыл 4 сорғы стансасын жөндеу, 200 дана сорғы жабдығын ауыстыру, 4 трансформаторлық қосалқы стансаны қайта құру және 2 таза су резервуарын салу жоспарланған. Бұл шаруа қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар алматылықтар осы айдан бастап желтоқсанға дейін су тұтыну көлеміне қарамастан төлем түбіртегін бірыңғай тариф бойынша алады.

«1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жаңа уақытша тариф енгізіледі. Тұрғындар үшін айтарлықтай төмен бағада болады. 1 текше метр су үшін 102 теңгенің орнына 73 теңге 93 тиын төлейді. Бұл – уақытша тариф. Жақында ғана мақұлданған. Қыркүйек айы үшін қайта есептеледі. Сәйкесінше, кәріз үшін де төлем 4 айға арзандайды. Ал жаңа жылдан бастап басқа тариф болады», – деді  «Алматы Су» МКК департамент директоры Серік Шағыров.

Оқи отырыңыз: Алматыда 8 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі

 

Новости партнеров