Нұрлан Әбдіров жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесу өткізді

02.02.2026 18:26

Жас сайлаушылар клубы – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сайлау институтына деген сенімді күшейтуге бағытталған алаң

«Жастардың саяси белсенділігін арттыру және азаматтық ұстанымды қалыптастыру». Сайлау мәдениетін дамытуға қатысты ұсыныстар ортаға салынған жиын Алматыда өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, профессор Нұрлан Әбдіров жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосуға қатысқандар ой бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Айта кетейік, жас сайлаушылар клубы – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сайлау институтына деген сенімді күшейтуге бағытталған алаң. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Бүгін мектептерде, колледждерде, университеттерде тепе-тең түсіндіру атты фактор бойынша жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Іс-шараның мақсаты – жастарға сайлаудың не екенін, қалай өтетінін және оның мемлекет үшін маңызын түсіндіру. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы айтқандай, жастар келіп, ағартушылық қызметке көмегін тигізе алады», – деді  Әуезов ауданы комьюнити орталығының директоры Бауыржан Маханбет.

Оқи отырыңыз: Алматыда кімдер телевизиялық абоненттік жалғамалармен тегін қамтамасыз етіледі