Жас ғалымдар форумында Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының офицерлері үздік атанды

14.04.2026 11:54

Іс-шара ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өтті

Минобороны РК

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары әскери-арнайы оқу орындары арасындағы жас ғалымдар форумында бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Almaty.tv. ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өтті. Форумға қатысушылар комиссия назарына елдің инновациялық және қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми жобаларын ұсынды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес кафедрасының оқытушылары подполковник Александр Кушнарев пен капитан Бауыржан Жұмаділла байқау жеңімпазы атанды. Әскери қызметшілер байқауда шағын габаритті кедергі таратқыштың авторлық әзірлемесін таныстырды.

Сараптамалық комиссия мүшелері құрылғының жоғары технологиялылығын және қазіргі радиоэлектрондық күрес жағдайында аса қажетті практикалық маңызын ерекше атап өтті.

"Мұндай байқауларға қатысу – тек жобаны қорғау ғана емес, сонымен қатар басқа ведомстволардағы әріптестермен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы. Біздің әзірлемемізге берілген жоғары баға таңдаған ғылыми бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп, әрі қарай зерттеулер жүргізуге ынталандырады", – деді подполковник А. Кушнарев.

Форумға еліміздің барлық күштік құрылымдарынан 20-дан астам зерттеу тобы қатысқанын айта кету керек. Байқау нәтижесінде әскери оқу орнының оқытушылары I дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Оқи отырыңыз: Елімізде балалар қауіпсіздігі үшін «Терезе-SAFE» ауқымды науқаны іске қосылды