Үшеуі орташа уланумен ауруханада болса, қалған екі адамға дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен
Шымкентте ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 6 адам түтінге уланып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызыл жалын екінші қабаттағы киім дүкенінен басталып, үшінші қабатқа жайылыпты. Қою түтін әп-сәтте ғимаратты тұмшалап, адамдардың сыртқа шығуына мүмкіндік болмай қалған. Бүгінде зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі орташа уланумен ауруханада болса, қалған екі адамға дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен.
«ТЖД бірінші бөлімшелері келген уақытта ойын-сауық орталығының шатырынан қою қара түтін шығып жатқан. Өртке департамент тарапынан 24 бірлік техника мен 80 адам жеке құрам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деді ТЖД бастығының орынбасары Бекзат Қамбаров.
Оқи отырыңыз: Қала күні қарсаңында Алматыда инклюзивті балалар алаңы ашылды