Полиция аталған жайтқа қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді
Атырау облысына қарасты Сағыз ауылында көлікте кетіп бара жатқан атпалдай азаматтар оқтың астында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше болған. Қазір жараланған үш адам облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын ауыр деп бағалады. Ал полиция аталған жайтқа қатысты тергеудің басталғанын ғана мәлімдеген. Әзірге оқиғаға ненің түрткі болғаны белгісіз.
«Кеше кешкісін санавиация желісімен шақырту түсті. Мақат ауданынан сол жерге хирург, дәрігер бригадасы барды. Үш науқас қаралды, оның біреуі сағат 8:00 шамасында авиация арқылы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы ауыр, тұрақты, ем қабылдап жатыр», – деді облыстық аурухананың хирургі Дәурен Шанаев.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында барлық мән-жай анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушылар анықтау, ұстау үшін кешенді іс-шаралар жүріп жатыр. Тергеу департаменті басшылығының бақылауында», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Елімізде некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі