Оқулықта олқылық бары рас: баспагерлер кітаптағы қателерге қатысты пікірін айтты

Депутаттар оқулықтардың сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс қажет екенін жеткізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқулықта олқылықтар болатыны рас, оған оқу бағдарламасындағы жиі енгізілетін өзгерістер себеп». Бұл – еліміздің үздік үштігіндегі баспахана «Алматыкітаптың» қызметкерлерінің журналистермен кездесуде айтқан пікірі, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Бірақ қателіктер бірден түзетіліп, кітаптар қайта басылып шығатынын жеткізді. Сондай-ақ баспагерлердің сөзінше, қоғам арасындағы сын-пікірлер оқулық авторларының жұмысына да кедергі келтіріп жатқан көрінеді.

"Кез келген баспа жаман оқулық жасайық" деп ойламайды. Сапалы оқулық шығаруға үшін тер төгеді. Әр оқулық мемлекеттік бағдарламаға сай, білім беру стандартының негізінде қоғамдық талқылауға түседі. Мықты ғалымдардың, сарапшы-педагогтардың сараптамасынан өтеді", – деді  "Алматыкітап" баспасы баспа ісі жөніндегі вице-президенті Әсима Рысқұлбекова.

Депутаттар да бірер күн бұрын мәселенің әбден қордаланғанын, оқулықтардың сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс қажет екенін жеткізген. Ал баспа қызметкерлері барлық кітап оқу бағдарламасына сай әзірленетінін айтты. Сондай-ақ бірінші сыныптың оқулығында берілетін мәтін мен жаратылыстану сынды кей пәндердің мектеп табалдырығын аттаған оқушыға қаншалықты қажет екені туралы сұраққа да жауап берді.

"Бұл мәтіндерді  әріп білмейтін 1-сыныптың баласы қалай оқиды?" деген сұрақтар бар. Кезінде мәтін бермейтін, тек суретті салынатын. Ол кезде қарапайым оқыту түрі болды. Ал қазір қоғам, ғылым дамып жатыр. Біз баланы жаңалық аша алатындай, өзі зерттейтіндей дәрежеге жеткізу үшін 1-сыныптан негізін қалауымыз керек", – деді  «Алматыкітап» баспасының редакторы Фарида Сағатжанқызы.

Оқи отырыңыз: Атырауда оқушы смартфонға тәуелділікті азайтатын құрылғы ойлап тапты

Новости партнеров