Спортшы төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншіледі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Турзим және спорт министрлігінен хабарлағандай, отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.
Жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай - министрлік жауабы