Олжас Бектенов Түркістан облысында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

19.11.2025 09:39

Кеше таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды

Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Түркістан облысының Алғабас ауылындағы қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Үкіметтің атынан қазақ тапқандардың туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтам. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр", — деді Премьер-министр.

Кеше таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өрттен аман қалған үш адамның біреуі есін жиды