Олжас Бектенов Ішкі істер министріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық жауапкершілікті күшейтуді жүктеді.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат тарату фактілеріне қатаң шара қолдануды тапсырды. Бүгін Премьер-министр арнайы кеңес өткізіп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан шындыққа сай келмейтін, араңдатушылық сипаттағы ақпараттардың көбейіп бара жатқанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олжас Бектенов Ішкі істер министріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық жауапкершілікті күшейтуді жүктеді. Сондай-ақ, Премьер-министр барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен әрі түсінікті жеткізу жұмыстарын күшейту керектігін жеткізді.
«Ата заңның жаңа нұсқасы бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуіміз қажет. Біз ел тағдырына қатысты тарихи шешімдер қабылданатын сындарлы сәтте ауызбіршілік пен келісімнің үйлесімін көрсетіп, сапалы экономикалық және идеологиялық өзгерістерге әзір екенімізді көрсетуіміз керек. Мемлекет басшысына сондай-ақ жаңа Конституцияға қолдау білдіре отырып ұсынылып отырған саяси реформалардың маңыздылығы мен қажеттілігін азаматтарға дұрыс жеткізе білуіміз керек», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Соңғы шешімді республикалық референдумда тек халық қабылдайды - Мейіржан Отыншиев