Мерейтой аясында «Ұлт игілігі» тақырыбындағы ауқымды әдеби көрме көпшілік назарына ұсынылды
Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында ақынның жаңа «Поэмалар кітабы» таныстырылып, өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен «Людям я не лгал…» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ мерейтой аясында «Ұлт игілігі» тақырыбындағы ауқымды әдеби көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге қаламгердің шығармашылық мұрасы, алғашқы басылымдары мен ол туралы мерзімді баспасөз материалдары қойылды. Салтанатты басқосу Алматыда Еуразиялық мәдениет қоры мен ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
«Олжасты білу - келер ұрпаққа ұлтының тарихын білуді, оны құрметтеуді, ұлтына қызмет еткен ұрпақты сыйлауды және ертеңгі күнге нені алып баруды үйретеді. Олжастың өмірі және творчествосы - біздің әдебиетіміздің, тарихымыздың өшпейтін беті», - деді ақын Ақұштап Бақтыгереева.
Оқи отырыңыз: Жер-Ана тынысы: Алматыда ұлттық әуен жаңа сипатта орындалды