Референдумға дейін:
22
күн
18
сағат
4
минут

Олжас Сүлейменов - 90: Алматыда ақынның қазақ руханиятына қосқан үлесі насихаталды

«Ұлы даланың дара тұлғасы» атты әдеби кеш өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Антон Чехов атындағы Орталық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы даланың дара тұлғасы» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жазушылар, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысқан жиында автордың шығармашылығы кеңінен насихатталып, қазақ руханиятына қосқан үлесі айтылды. Сонымен қатар өнерпаздар әннен шашу шашты.

«Бұл кештің негізгі мақсаты- жазушының, қоғам қайраткерінің өміріне яғни түбегейлі кітапханадағы кітап қорларымен байланысты болғандықтан ағаға арнайы іс-шара ұйымдастырылып отыр», – деді А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасының жетекшісі Толқын Құрамысова.¤

«Олжас Сүлейменов – қазақтың ғаламат ақыны. Өлеңдерін орыс тілінде жазса да, қазақтың рухын көтерген, қазақтың намысын оятқан, қазақтың жан-дүниесін қозғап, өзінің тарихына үңілткен ұлы ақынымыз. Ол салт-санамызды өлеңімен дәріптеп, орыстың тілінде жазып орыс әлемін дүр сілкіндірген ақын», – деді ақын, түрксой жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет.

Оқи отырыңыз: Жамбыл жыры – халық үні: Алматыда мәдени кеш өтті

Новости партнеров