Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған «KITAP FEST» фестивалі өтіп жатыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Фестивальдің басты мақсаты - білім алушыларды рухани бай, ойлы тұлға ретінде қалыптастыру және кітапты білімнің сарқылмас қайнар көзі ретінде дәріптеу

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы Халықаралық кітап күніне орай «KITAP FEST» атты кітап фестивалі басталды. Шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани кемелденуіне ықпал етуге және ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Фестивальдің басты мақсаты - білім алушыларды рухани бай, ойлы тұлға ретінде қалыптастыру және кітапты білімнің сарқылмас қайнар көзі ретінде дәріптеу. Сонымен қатар шара аясында көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы арқылы қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген жастардың ықыласын ояту көзделген.

Іс-шара барысында қатысушылар Олжас Сүлейменовтің өмірі мен сан қырлы шығармашылығымен танысып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан өз шеберліктерін ортаға салады. Бағдарлама аясында кітапханаға жасалған экскурсиялық бейнематериалдар ұсынылып, танымдық кеш мәдени шараларға ұласады.

Фестиваль аясында білім алушылар ақынның «Арғымақ», «Махамбетке», «Айналайын» секілді туындыларын оқып, көркем сөз өнерін дәріптеді. Сондай-ақ ақын шығармаларына негізделген арнайы бейнебаяндар көрсетіліп, тақырыптық музыкалық нөмірлер орындалады.

Оқи отырыңыз: Алматыда мың оқушы бір мезетте Абайдың поэмаларын жатқа оқыды

Новости партнеров