Өмір үшін күрес: Қазақстан нәрестелерге жасалатын күрделі ота бойынша Орталық Азияда көш бастады

Almaty.tv
Almaty.tv

Неонатологиялық хирургия – асқан дәлдікті талап ететін, уақытпен жарысатын медицинаның ең күрделі бағыттарының бірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жаңа туған нәрестелерге жоғары технологиялық көмек көрсету деңгейі бойынша көш бастап келеді. Жыл сайын мыңдаған нәресте шала туады. Олардың дені туабіткен күрделі патологиялық ауруға байланысты өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап ота жасауға мұқтаж. Алматы медицинасы – мұндай күрделі неонатологиялық ота жасауда және экстремалды салмақтағы нәрестелерді аман алып қалуда елдегі негізгі флагманды орталық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде Қазақстан жаңа туған нәрестелерге жоғары технологиялық хирургиялық көмек көрсету бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы елдердің біріне айналды. Халықаралық ұйымдардың дерегіне сәйкес, еліміздегі неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші соңғы жылдары айтарлықтай төмендеп, дамыған мемлекеттердің деңгейіне жақындады.

Неонатологиялық хирургия – асқан дәлдікті талап ететін, уақытпен жарысатын медицинаның ең күрделі бағыттарының бірі. Көп жағдайда баланың өмірі диагноздың қаншалықты ерте қойылғанына және хирургиялық көмектің уақытылы көрсетілуіне байланысты.

«Жүрек ақауларынан басқа ақаулардың барлығына ота жасалынып жатыр. Біздің бөлімшеде перзентханадардан келіп түскен балаларға операцияға дейінгі дайындық жүргізіледі. Операциядан кейінгі үстемелі ем жалғасады. Қазіргі таңда көрсеткіштеріміз жақсы деп айтуға болады. Осы биылғы жылдың жарты жылының өзінде жасалынып жатқан есепке байланысты тірі шығу көрсеткішіміз 97% құрап тұр» – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі Ұлықпан Әлсейітов.

Неонатологиялық хирургияның негізгі орталықтарының бірі – Алматы. Шұғыл медициналық жәрдем орталығындағы мамандар ауыр жағдайдағы нәрестелерге тәулік бойы көмек көрсетіледі. Салмағы жарты келіге де жетпейтін шақалақтарға түрлі операция жасалып, өмір үшін үздіксіз күрес жалғасады. Сондай-ақ елде жатырішілік жоғары технологиялық операциялар да қолға алына бастады. Ана құрсағында анықталған ауыр патологияларды түзетуге бағытталған озық ота халықаралық мамандармен бірлесіп жүзеге асып келеді.

«Қазіргі уақытта фетальный хирургия тек бастамасы болып келе жатыр. Әлем бойынша қазір монторинг жасап отырмыз.  Бізде 80 ота жасалды, фетальді хирургия дамып келеді, – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының балалар хирургі Мейіржан Құрманәлиев.

Дәл қазір мына бөлмеде дәрігерлер жарық дүние есігін кеше ғана ашқан шақалақтық өміріне күресіп жатыр. Жалпы жаңа туған нәрестелерде туа біткен даму ақаулары көбіне дүниеге келген сәтте-ақ белгілі болады. Осындай жағдайда әр минут қымбат. Сәби бірден хирургтердің бақылауына алынып, қажет болса өмірінің алғашқы күндерінде ота жасалады. Бұл – баланың өмірін сақтап қалудың ең маңызды қадамдарының бірі.

Алматыда ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен күшейтіліп келеді. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, мамандардың біліктілігі ұдайы жетілдіріліп жатыр.

Әйкерім Пернебек, Рашидин Якупов

Оқи отырыңыз: Жіті ішек инфекциясы: Елімізде науқастар саны 10 мыңнан асты