Жіті ішек инфекциясы: Елімізде науқастар саны 10 мыңнан асты

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаз мезгілі – жіті ішек инфекцияларының жиілейтін кезеңі. Әсіресе, аптап ыстықта тағамның тез бұзылуы мен жеке бас гигиенасының сақталмауы жұқпалы дерттің таралу қаупін арттырады. Биыл елімізде осы инфекциямен 10 мыңнан астам адам ауырған, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның 69 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі эпидемиологиялық ахуал қандай? Аурудың алдын алу үшін қандай сақтық шараларын ұстанған жөн?

Осы және өзге де сұрақтарға студия қонағы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Темірлан Сейітбек жауап береді.

– Темірлан мырза, биыл жіті ішек инфекциялары бойынша еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қандай?

«2026 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасында жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады. Елімізде 10 905 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейінің 6 пайыз төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар жаз мезгілі жіті ішек инфекцияларының таралу қаупі артатын кезең. Ауа температурасының жоғары болуы, тағамдарды сақтау талаптарының бұзылуы және жеке бас гигиенасы қағидаларының сақталмауы инфекцияның таралуына әсер етеді. Биыл  ең жиі тіркелетін ішек инфекцияларының қатарында ротавирустық инфекция, сальмонеллез және этиологиясы тіркелді».

– Ішек инфекцияларымен көп жағдайда халықтың қай тобы ауырады? Дерттің негізгі жұғу себептері қандай?

«Әсіресе 2і жасқа дейінгі балалар жіті ішек инфекцияларына өте осал келеді. Себебі олардың жеке бас гигиенасы дағдылары толық қалыптаспаған және ағзасы сусыздануға бейім болады. Сонымен қатар қарт адамдар, созылмалы аурулары бар және иммунитеті әлсіреген азаматтар да қауіп тобына жатады. Инфекцияның негізгі таралу факторлары ластанған тағам өнімдері және жеке бас гигиенасының сақталмауы. Сондықтан қарапайым алдын алу шараларын сақтау аурудың алдын алудың ең тиімді жолы».

– Жазғы демалыс кезінде тұрғындар өзін және балаларын ішек инфекциялары мен тағамнан ұшынып, уланып қалмау үшін қандай сақтық шараларын сақтауы керек?

«Негізгі сақтау шаралары қолды сабынмен жиі жуу, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу, тағамдарды дұрыс сақтау және дайындау, азық-түлікті тек рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алу, сондай-ақ шомылуға арналмаған су айдындарында суға түспеу ұсынылады».

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде аурухана заңсыз қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды