Дерттің кесірінен Ахмедияр ұзақ жүре алмайды
Бір жарым миллиард теңге. Бұл – үш жарым жастағы Ахмедиярды аман алып қалу үшін керек қаражат, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматылық бүлдіршінге өте сирек кездесетін дерт - Дюшенн бұлшықет дистрофиясы диагнозы қойылған. Аталған ауру адамның бұлшықеттерін бірте-бірте әлсіретіп, қозғалу қабілетіне күш түсіреді екен. Ахмедиярдың ата-анасы ұлын тек АҚШ-та және Дубайда ғана емдей алады. Керекті қаржы жиналса, олар Дубайға аттануды жоспарлап отыр. Дерттің кесірінен Ахмедияр ұзақ жүре алмайды. Егер қажетті екпе тез арада салынса, бұл кінәрат жойылады. Дімкәс балаға қол ұшын созу үшін «Ахмедиярға өмір сыйлайық» арнайы іс-шара өтті. Онда түрлі спорттық ойындар мен жәрмеңке ұйымдастырылды.
«Креатинфосфокиназа анализі нормадан мың есе жоғары шықты. Артынша АЛТ, АСТ, ЛДГ көрсеткіштері де көтерілген. Сол күні үйде отырып интернеттен іздеп, жасанды интеллектке (ChatGPT) жазып көрдім. Жүйе бірден «Дюшенн ауруы» деп көрсетті. Бұл – 5 мың баланың біреуінде ғана кездесетін өте сирек әрі өлімге әкелетін қауіпті диагноз. «Бұны құтқаратын бір ғана ем бар, оның құны – 1 жарым миллиард теңге» деп жазып жіберді. Сондықтан жақындарымыздан, елден қол ұшын созып, көмек берулерін сұраймыз», – деді Ахмедиярдың анасы Фариза Мәулен.
Оқи отырыңыз: Тегін медицина және озық технология: Қазақстан кардиологиясы әлемдік деңгейге көтерілді