Он жыл: адамды еркінен тыс некеге мәжбүрлейтіндер темір торға тоғытылады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл өзгерістер некеге мәжбүрлеудің алдын алуға, әйелдер мен жасөспірімдерді қорғауға бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адамды еркінен тыс некеге мәжбүрлейтіндер 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа бап бүгіннен бастап қолданыста болады. Құжатта некеге мәжбүрлегені үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қарастырылған.

Мәселен, қылмыстың деңгейіне қарай 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан бастап, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Егер мұндай әрекет абайсызда ауыр зардаптарға әкелсе, 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға қамалады.

Ал мәжбүрлеу кәмелетке толмағандарға қатысты болса, сондай-ақ, қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, жаза қатаңдай түседі.

Бұл өзгерістер некеге мәжбүрлеудің алдын алуға, әйелдер мен жасөспірімдерді қорғауға бағытталған.

 

 

Новости партнеров