Өнегелі өмір: Алматыда Иса Байзақовтың кітаптарының тұсауы кесілді

Ақын әрі композитордың 125 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ әдебиетінің дарабозы, ақын әрі композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның бай мұрасы насихатталған жиында қаламгердің әдебиеттегі айрықша орны туралы баяндама оқылып, көпшілік назарына деректі фильм ұсынылды. Сондай-ақ ақынның «Поэмы», «Порыв вдохновенный», «Өнегелі өмір» атты жаңа кітаптарының тұсауы кесілді. Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері Иса Байзақовты тек ақын емес, қазақтың ән-күй өнерін зерттеп, ұлттық мұраның қадір-қасиетін танытқан қайраткер ретінде бағалады.

«3 қазанда атамыз 125 жылдығына байланысты жыл бойы Павлодарда көптеген шара өткізілді. Шілде айында Ертіс ауданында үлкен мерейтой болды. Негізгі мақсатымыз – атамыздың әдебиеттегі, актерлік, музыкалық қабілеті туралы халыққа насихаттау», – деді И. Байзақовтың немересі Құралай Байзақова.

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматы бойынша Жетісу ауданы көшбасшы атанды

Новости партнеров