Өнер мен қазақ тілі пәнін кіріктіре оқыту: Алматыда семинар өтті

Іс-шараға мегаполистің 8 ауданынан қазақ тілі мен әдебиет, сондай-ақ көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Өнер мен қазақ тілі пәнін кіріктіре оқыту арқылы оқылым және коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға мегаполистің 8 ауданынан қазақ тілі мен әдебиет, сондай-ақ көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты. Ұстаздарға біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары баяндама жасап, заманауи әдістемелерді ұсынды. Семинар соңында № 203 мектептің педагогтері жаңа бастаманы іс жүзінде көрсету мақсатында ашық сабақ өткізіп, қатысушыларға пәндерді кіріктіре оқытудың тиімді тәсілдерін паш етті.

«Бұл – «Өрлеудің» қарастырып отырған тақырыбы. Жаһандық оқу сауаттылықты, яғни функционалды сауаттылықтың бір құзыреттілігін таныту бағытында білім, тәжірибе алмасып жатырмыз. Қазақ тілі пәніне өнер пәнін кіріктірген кезде оқушылардың бойында қандай ұлттық құндылықтарды дарытуға болады. Мамандық таңдау сияқты мәселелер қолға алынады деген мақсатта жиналып отырмыз», – деді  «Өрлеу» БАҰО Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Айжан Есентаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда сот шешімімен тағы бір дәмхана бұзылды   

Новости партнеров