«Алматыға жететін қала жоқ». Қазақстанның еңбек ері Роза Рымбаева алматылықтарды шаһар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мыңжылдық тарихы бар қалаға қатысты естелік айтқан танымал әнші мегополис халқына ақ тілегін жаудырды.
«Құрметті алматылықтар, қала қонақтары! Сіздерді ерекше күн – Алматы күні мерекесімен құттықтаймыз! Мен үшін Алматыға жететін қала жоқ. Қалада 50 жыл ән салып келем, 50 жыл өмір сүріп келемін. Алматы – менің махаббатым! Алматы – менің бақытым!» – деді Қазақстанның еңбек ері Роза Рымбаева.
Ал жылдар өтсе де, ескірмей келетін «Сағындым Алматымды» әнінің авторы, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев оңтүстік астананы ән қалаға теңеді.
«Сағындым аққу үнді,
Сағындым ақ гүліңді.
Алматым, сыйладың сен,
Шабытты шаттығымды».
Әсем қала, көркем қала, ән қала, сән қала. Алматы күні құтты болсын, ағайын! Алматыны жақсы көреміз», – деді композитор, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Alma Fest-2025 фестиваліне қатысты