Онлайн алаяқтықтың қандай түрі кең тараған

12.11.2024 20:01

Бұл туралы Алматы технологиялық университетінде өткізілген жиында белгілі болды

Almaty.tv

Онлайн алаяқтық азаймай тұр. Бұл туралы Алматы технологиялық университетінде өткізілген жиында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға сала мамандары мен 500-ден аса студент қатысты. Басқосуда қоғамда кең таралған алаяқтықтың 6 түрі талданды. Жыл сайын тіркелетін оқиғалардың шамамен 0,1 пайызы банк және микрокредиттік ұйымдармен байланысты. Неге десеңіз, жалған қоңырау салдарынан жылына кем дегенде 8 мың адам қаражатынан айырылып қалады. Сондай-ақ заңбұзушылық пайда болғанда не істеу қажет екені, тіпті оның алдын алу жолдары сөз болып, шеберлік сабағы өткізілді. Электронды үкіметтің мүмкіндіктері айтылып, нашақорлыққа қарсы күресті тұрақты жүргізіп отыру мәселесі де талқыланды.

"Жастардың болашағын ойлап, келешегінде қарызға батпай, жақсы маман болып шығуы үшін қаржылық сауат болуы керек", – деді «Isker isi» әлеуметтік жобасының жетекшісі Бибінұр Шерәлиева.

"Биыл есірткіге қатысты 530 қылмыстық іс тіркелген болса, оның 330 сотқа жолданған, 25 нарко лаборатория анықталып, 800 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Қылмыстық әрекеттер жүргізіліп жатыр", – деді қалалық прокуратураның басқарма прокуроры Елдос Дүйсенбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жасанды интеллект енгізуге дайын 50 елдің қатарына енді