Оны мәжбүрлей алмаймыз: Сенат депутаты Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жатқанын айтты

14.11.2024 13:22

Марат Қожаев ел арасында тараған ақпаратты жоққа шығарды

Әйелін өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев Астана маңындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенат депутаты Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жақында тілшілер елорда жанындағы түзету мекемесінің біріне барып, экс-министрдің онда жоқ екенін айтқан. Бүгін бұрынғы Ішкі істер министрі болған Марат Қожаев ақпаратты жоққа шығарып, Бишімбаевтың Степногорскідегі түрмеде жазасын өтеп жатқанын айтты.

"Сотталып кеткен азаматтың да азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткісі келмесе, оны мәжбүрлей алмаймыз. Қатты айтсам ренжімеңіздер, бұл хайуанаттар бағы емес. Ол колония. Ол жерде Бишімбаев отыр деп көрсетуге болмайды", – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Марат Қожаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды