Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады", - делінген хабарламада.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан кубогының финалы өтті