Әдетте, мұның бәрі әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі, онлайн-ойындардағы немесе танымал интернет-платформалардағы қарапайым таныстықтан басталады
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертеді. Бұл – қылмыскерлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін пайдаланатын қауіпті схемасы, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әдетте, мұның бәрі әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі, онлайн-ойындардағы немесе танымал интернет-платформалардағы қарапайым таныстықтан басталады. Қаскей кәмелетке толмаған баланың сеніміне кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстыруы мүмкін. Алғашқы кезеңдерде қарым-қатынас өте достық әрі зиянсыз болып көрінеді. Одан кейін зиянкес біртіндеп баланың «жақын досына» айналуға тырысады: күн сайын сөйлесіп, ерекше назар аударады, оның жеке өміріне, уайымдары мен мәселелеріне қызығушылық танытады. Уақыт өте келе ол жеке сипаттағы сұрақтар қоя бастайды: күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да ақпараттарды анықтайды.
Келесі кезең – фотосуреттер мен видеожазбалар жіберуді сұрау немесе бұдан да жақын тақырыптарда сөйлесуге көшу. Бұл ретте заң бұзушы баланы мұндай әңгімелер қалыпты жағдай екеніне сендіруі мүмкін, сондай-ақ бұл хат-хабарлар туралы ешкімге айтпауды өтінеді немесе психологиялық қысым көрсетеді.
ІІМ еске салады: онлайн-грумер – бұл баланың сеніміне кіріп, кейіннен оған зиян келтіру үшін интернет арқылы кәмелетке толмағандармен әдейі байланысқа түсетін ересек адам.
Онлайн-грумингтен қалай қорғануға болады:
ІІМ ата-аналарды балалармен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін жүйелі түрде талқылауға және олардың онлайн-белсенділігіндегі өзгерістерге назар аударуға шақырады. Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі шынайы өмірдегідей қырағылықты талап етеді.
Оқи отырыңыз: Киевте қазақстандықтарды есірткі бизнесіне тартқан call-орталықтар желісі жойылды