Адам денсаулығы үшін қауіпсіз реакторлар қарастырылып жатыр
«Атом электр стансасы бой көтерсе, азаматтар жаман ауруға жиі шалдығатын болады». Еліміздің онкологтары бұл пікірді жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Дәрігерлердің сөзінше, мұндай стансаның салынуы адам денсаулығына зиян келтірмейді. Сала мамандары да атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қауіпсіздікті жіті қадағалайтынын айтады.
«Атом электр стансасын салу – елдің дамуы үшін жасалатын маңызды қадамның бірі. Станса бой көтеретін болса, республиканы электр энергиясымен толық қамти алады деп жатыр. Ел ішінде жаңсақ пікір де көп. Адам денсаулығы үшін қауіпсіз реакторлар қарастырылып жатыр. Онкологиялық аурулар көбейеді деген де дұрыс емес», - деді онколог-дәрігер Диляра Қайдарова.
Оқи отырыңыз: Таңдау жасау ғана емес, ел дамуындағы маңызды кезең: депутаттар референдум туралы