Таңдау жасау ғана емес, ел дамуындағы маңызды кезең: депутаттар референдум туралы

Халық қалаулылары өндіріс ұжымымен жүздесті

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда құрылыс конструкциялары комбинатында Парламент Сенаты депутаттарының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Халық қалаулылары өндіріс ұжымымен жүздесіп, алдағы аптада өтетін референдумның мән-маңызы жайлы сөз қозғады әрі өзекті мәселелерді талқылады.

Депутаттар мен сала мамандары жұмысшыларды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, атом электр стансасы жайлы туындаған пікірлерді жан-жақты талдады. Сондай-ақ Ниязова Нұрия мен Қалтаева Ләззат тарап жатқан түрлі күмәнді, жалған ақпаратқа жүгінуден аулақ болып, тек кәсіби мамандардың пікіріне сүйенуге шақырып отыр.

Депутаттардың айтуынша, бұл референдум – тек таңдау жасау емес, ел дамуының жаңа белесін анықтайтын маңызды кезең.

«Біз қазір күнде түрлі ұйымдармен, ұжымдармен кездесіп, ел назарындағы маңызды тақырыпқа айналған АЭС құрылысы мен референдумды талқылап, ел үшін қандай оң өзгерістер алып келетінін айтып жатырмыз. Адамдар өте белсенді, түрлі сұрақ қойып, білімін толықтырып жатыр. Басты мақсат халық дұрыс әрі нақты ақпаратты алып, соның негізінде таңдау жасау керек», - деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.

Оқи отырыңыз: Роза Рымбаева АЭС-ке қатысты пікір білдірді

Новости партнеров