Әскери қызметшілер көлік ішінде құлыпталып қалған баланы құтқарып алды

Минобороны РК
Минобороны РК

Оқиға туралы баланың анасының әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқанов екі жастағы сәбиі көлік ішінде қамалып қалған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға туралы баланың анасының әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан белгілі болды.

Оның айтуынша, көліктің кілтін абайсызда ішінде қалдырып кеткен. Дабыл жүйесі іске қосылып, есіктер автоматты түрде құлыпталып қалған. Ал машина ішінде екі жасар ұлы қалып қойған.

Ол жазбасында:
"Мен абдырап, не істерімді білмей, қатты қорқып кеттім. Әскери формадағы адамдарды көріп, солардан көмек сұрадым", – дейді.

Қызметтен қайтып келе жатқан әскери полиция өкілдері жағдайды бірден бағалап, көлікті ашуға кіріскен.

Олар 10-15 минуттың ішінде көліктің есігін ашып, баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Сәбиге медициналық көмек қажет болмапты.

Баланың анасы көрсеткен көмегі үшін аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқановқа алғысын білдіріп, олардың жедел қимылы мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз: «Таза Қазақстан»: в Гвардейском гарнизоне в рамках акции высадят 500 деревьев

Новости партнеров