Орал қаласында 400-ге жуық оқушысы қашықтан оқуға көшті

04.12.2025 15:28

Мамандардың айтуынша, өңірде өткен жылмен салыстырғанда тұмауға шалдыққандар саны 31 пайыз артқан

Орал қаласындағы 14 мектептің 400-ге жуық оқушысы қашықтан оқуға көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, өңірде өткен жылмен салыстырғанда тұмауға шалдыққандар саны 31 пайыз артқан. Соңғы мәліметтерге сенсек, Батыс Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекциямен 46 мыңнан астам адам, ал тұмаумен 116 адам ауырған. Оның басым бөлігі балалар екен. 14 жасқа толмағандар арасында 32 мың жағдай тіркелсе, 1 жасқа дейінгі 500 балада вирус анықталған Сондай-ақ аяғы ауыр 93 әйел тұмау жұқтырған. 

«БҚО-да 14 мектептің 378 оқушысы онлайн оқу форматына көшті. Оның ішінде 4 мектептің 6 сыныбы мен тағы басқа білім мекемелерінен 46 оқушы ертеңнен бастап қайта мектеп парталарына отырып, оқуын жалғастырады», – деді Білім басқармасының бөлім басшысы Жадыра Бекжанова.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Түркістан облысында өнер мектебі ашылды